Корпоративтік сатылымдар

TOYOTA ФИНАНС

Қазақстан мен Қырғызстанның корпоративтік клиенттері Toyota автокөліктерін таңдауды дәстүрге айналдырды. Мұндай танымалдық себебі анық — компания абыройлы әрі өндіріс процестерін де, бизнес-процестерді де тоқтаусыз жетілдіреді.

Алайда біз брендке деген тұрақты сенімнің тууына және таңдауға себеп болатын басты әрі маңызды мәселелерді анықтай кетейік. Бұл корпоративтік клиенттерге өте маңызды.

Неге Toyota модельдері таңдалады?
• Тартымды құны. Біздің модельдерді иеленудің төмен жиынтық құны және қайталама нарықтағы жоғары құны ерекшелендіреді, бұл автопаркті жаңартуға жұмсалатын шығынды азайтады.
• Көпке мәлім сенімділік. Toyota-ға тән беріктік пен сапа брендтің ДНҚ-сына жазылған. Автокөлік иесіне ұзақ және адал қызмет етеді.
• Үлгілер қатары. Біздің автокөліктер кез келген бизнестің қажетіне жарайды. Әмбебап және қолайлы седандар, қуатты және төзімді жол талғамайтын көліктер, коммерциялық көлік — әрбір клиент өзіне оңтайлы нұсқаны таба алады. Сонымен қатар, ең қиын экспедицияларда сыналған, аңызға айналған Hilux туралы айтып өтсек орынды болар. Бұл — «өлмейтін» пикап.
• Сервис географиясы кең. Toyota Kazakhstan дилер желісі еліміздің барлық өңірін қамтып, әр қала тұрғынына, соның ішінде шағын қалаларға да бірінші дәрежелі сервис ұсынады.
• Сапаға кепілдік. Toyota-ның барлық ресми дилер және сервис орталықтары бірінші кезекте клиенттің қанағаттануы қағидатын ұстана отырып, қызметтердің толық спектрін ұсынады. ДО-дағы барлық процесс стандартталған — брендтің халықаралық бірыңғай стандарттарына сәйкес келеді.
Егер корпоративтік клиенттер үшін автокөліктерді жалға алуға қызықсаңыз, Toyota Smart Rent бағдарламасына және бизнес иелері үшін операциялық жалға алуға назар аударуды ұсынамыз.